Меню KDT
imgMain.jpg?_=1732077816
Текст для бег.. стр

Буклет "Өзіңді сексуалдық зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек "

Буклет  "Өзіңді сексуалдық зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек"
(жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған)

Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған зорлау аса ауыр қылмыс болып саналады,
ол үшін бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, егер оны ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер
заңмен жүктелген өзге адам жасаса - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып,
он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сексуалдық сипаттағы қылмыстар латенттік сипатқа ие, кәмелетке толмаған қауіп деңгейін
бағалай алмайды. Бұл мәселелерде оның
хабардар болмауы да, оның қорқуына байланысты зорлаушы алдындағы қорқынышы да тиісу және
зорлық-зомбылық туралы хабарлауға мүмкіндік бермейді, ал ұят сезімі баланы үндемеуге мәжбүрлейді.

Сексуалдық зорлық-зомбылық туралы айтылғанда бұл құбылыстан жасөспірімдерді қорғау өте қиын. Жасөспрімдер отбасынан тыс жерде
достық қарым-қатынасты, қауіпсіздікті және тіпті
кеңесті іздейді. Одан басқа, өздерінің сексуалдық дамуымен абдырап қалуы немесе адасуы мүмкін,
бұл қарым-қатынасты күрделі етеді, тиісінше өзін қорғау іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Сексуалдық зорлық-зомбылық салдары бала
үшін әрқашан қиын, осындай тәжірибенің әсері
барлық өмір жолында сезіледі.

 

Осыған байланысты, жасөспірімдер:

  • онда зорлық-зомбылыққа «жоқ» деп айтуға құқығы бар;
  • ересектер сексуалдық қалыпта олардың қатысуымен суреттер немесе фильмдер түсірген ДҰРЫС ЕМЕС;
  • порнография шын өмірдің нақты сипаты болып табылмайтынын;
  • алкоголь мен есірткі олар өздерін ұстай алмауына әкелуі және олар олардың есін көмескілендіруі мүмкін;
  • ересек адамдар өздерінің сексуалдық қиялдарын талқылауы немесе балалармен порнографиямен бөлусуге тиіс емес;
  • рұқсатсыз балалармен байланысқа түсуге ешкімнің құқықы жоқ екенін түсінуі тиіс.

Ұлдар мен қыздарға өздерін қалау қорғау керегі туралы кеңестер

  • адамдар аз жерде жалғыз серуендемеңіз;
  • түнгі қозғалыстардан бас тартыңыз, болмаған жағдайда такси қолданыңыз;
  • көлікті бей-берекет тоқтатпаңыз,
    сізді танымайтын адамдардың апаруына келіспеңіз;
  • бөгде адамдармен лифтіге кірмеңіз
    немесе онымен бір уақытта кіреберіске кірмеңіз;
  • егер кімде бір сізден жабысып қалмаса – полиция қызметкеріне жүгініңіз, дүкенге, дәріханаға, поштаға кіріңіз, кез-келген кіру есігінің қоңырау тетігіне басыңыз.

 

Кездесу барысында көрінетін ықтимал зорлық-зомбылық белгілері

Сіз төмендегідей адаммен кездесіп жүрсіз…

  • Сізді қызғанады және сізбен өзін меншік иесі ретінде араласады, сізге достарыңыздың болуына рұқсат бермейді, сізді тексереді, қарым-қатынасты үзуді қабылдамайды.
  • Өзін қожайын ретінде ұстау, бұйрық беру, сіздің пікіріңізді назарға алмай, барлық шешімді қабылдау ретінде Сізді бақылауға алуға тырысады.
  • Сізді қорқытады. Сіз әрқашан оның Сіздің айтқан сөздеріне немесе іс-әрекетіңізге қалай әсер етеді деп ойлайсыз. Қаруды қолдана отырып, сізді қорқытады немесе қаруы бар.
  • қатыгез: бұрын төбелеске қатысы болған, бақылаудан тез айырылады, басқаларға қатыгездік танытумен мақтанады.
  • Сізді сексуалдық қарым-қатынасқа итермелейді, жыныстық қатынасты қалайды, қорқытады.
    Сізді сексуалдық объект ретінде санайды. Сізді алдап-арбайды, «Егер сен мені шынымен жақсы көрсен, сен …» деп сізді айыптайды.
  • Қарым-қатынасты тым ерте маңызды деп санай бастайды. Есірткі және алкоголь тұтынады және сізді оларды тұтынуға итермелейді.
  • Сізге қатыгездік танытқанда, осыған сізді айыптайды. Сіз оны итермеледіңіз, оны осылай жасауға мәжбүрледіңіз, сіздің іс-әрекеттеріңіз осыған әкелді дейді.
  • өткенде бақытсыз қарым-қатынастары болған және барлық проблемаларына басқа адамды кінәлайды.
  • бір серіктесте билік және бақылау болу керек, ал басқасы белсенді емес және көнгіш болу керек деп есептейді.
  • Сіздің отбасы мүшелерінің және достарыңыз бұл адаммен мұқият болуды ескертті немесе сізге сіздің қауіпсіздігіңіз туралы алаңдайтыны туралы айтты.

 

Ата-аналар не істей алады?

 

Балалардың қауіпсіздігі

- өздеріне қауіп төніп тұрғанын сезген жағдайда олар сізге немесе полицияға хабарласа алатындай, балаларыңызға қалай телефон шалу керектігін көрсетіңіз;

- сіздің балаларыңызға қарайтын (мектепте және т.б.) адамдарға сіздің балаларыңызды кімге алып кетуге болатынын айтыңыз және олар осы адамдарды тани алатынына көз жеткізіңіз;

- сіздің балаларыңызға қарайтын  адамдарға күзет, қорғаншылық туралы қаулылардың және соттың басқа шешімдерінің көшірмелерін, сондай-ақ қажетті телефон нөмірлерін беріңіз;

- егер сіздің балаларыңыз веб-сайттарды қолданса, оларды осындай сайттарға кіре отырып, олар алмасатын ақпаратпен мұқият болуға сендіріңіз; бұл балардың ойында болмаса да, осындай ақпараттың арқасында сіздің отбасыңыз қайда екенін
оңай анықтауға болады; егер ол қандай мектепке баратыны (қайда жұмыс істейтіні) немесе жақын уақытта қайда көшкені туралы әңгіме айтқан кезде орын алу мүмкін.

 

Талқылауды кейінге қалдырмаңыз

Сіздің балаңыз жыныстық жетілу жасына жету уақытында тым кеш болуы не байланыс желілері жабық болады не онымен бір жағдай орын алуы мүмкін.
Сіз байланысты орнату бойынша бірінші қадамдар жасауға міндеттісіз және баламен оның жеке жасына сәйкес нақышта дәрбес шектеулері туралы сөйлесуге тиіссіз.

Әдетте, Сіздің балаңызға төрт немесе бес жас толғанға дейінгі уақытта ол оның денесі тек оған тиесілі екенін және ешкім ішкі киіммен жабық орындарда
оны денесін қолымен ұстамауы тиіс және балада өзін жайсыз сезетін жағдайдан шығуға құқығы бар екенін толығымен түсінуі тиіс.

Ол сондай-ақ біреу оны қолымен ұстауға талпынса немесе ұстаса сізге айтуы керек екенін білуі тиіс.

Сіздің балаңыз сегіз жасқа толған уақытқа дейін ол жақын уақытта оның денесінде орын алатын өзгерістер туралы білуі тиіс. Он бір немесе он екі жаста балалар жыныстық қарым-қатынастың салдарын түсінуі және кездесу уақытында неге рұқсат бар негіз жоқ екенін білуі тиіс.

 

Қолдаудың мықты жүйесін қалаңыз

Зерттеулер жасөспірімдердің тәуекел мінез-құлқының пайызы жасөспірімдер оларды жеке тұлға ретінде құрметтейтінін және қолдайтынын сезетін отбасыларда төмен екенін көрсетті. Сіздің балаңыз жасөспірім жасына жеткенге дейін оған ұрысады, күледі, адастырады деп алаңдамай, сізбен барлығы туралы сөйлесе алатынын білуі тиіс. Олар қорқынышты сезбеуі тиіс. Кейбір мәселелер талқылау үшін қиын болуына қарамастан, егер сіз тым ашулы немесе барлығын жүрегіңізге тым жақын қабылдасаңыз, сіздің балаңыз бұл туралы болашақта сізбен сөйлеспеуі мүмкін. Өз балаңызбен логикалық және құрметпен сөйлесіңіз, жеке тұлға ретінде оның қажеттіліктерін түсінуге тырысыңыз. Осындай қолдау көрсете отырып, сіздің балаңыз сізбен өз проблемаларын талқылай және сізге көмекке жүгене отырып өзін жайлы сезетініне үміттену керек.

 

Білімді болыңдар

Сіз қанжалықты көп білесіз соншалықты балаңызға көмектесе аласыз. Қандай-да бір маңызды әңгімені бастаудың алдында баланың сұрақтарына жауап бере алу, ал балаңыз сізден негізделген жауап алатынын білу үшін тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеңіз. Егер ол сізге сұрақпен жүгінсе, ал сіз оған оқуға арналған жадынама бере отырып жауап берсеңіз, ол сіз үздік ақпарат көзі емес деп ойлауды бастауы мүмкін. Жадынамалар пайдалы болуы мүмкін, бірақ олар нақты талқылаумен алып жүрілуі тиіс.

 

Өз балаларыңызға олардың жеке құқықтарын анықтауға көмектесіңіз

Сенсеңіз де сенбесеңіз де бірақ ересек адаммен  (немесе тіпті зорлаушы болып табылатын өзімен
жасты адаммен) «қарым-қатынаспен» қақтығысқан жасөспірімдер бұл олардың кінәсі деп сезеді.

Олар өздерінің жеке құқықтары немесе ересектерден қандай мінез-құлық күту керек екені білмейді. Өз балаларыңызға «жоқ» деп айту ҚАЛЫПТЫ және олар қаламайтын әрекет жасауға міндетті
емес екенін түсіндіріңіз. Көбінесе балалар олар «үлкендерді құрметпеу» және «сыпайы» болуға міндетті деп ойлайды, сондықтан олар осылай жасауға міндеттімін деп ойлауына байланысты өзін ыңғайсыз сезетін жайттармен кездеседі.

 

Егер барлық қалғандары болмай жатса немесе тым кеш болса

Көмекке жүгініңіз. Зорлық-зомбылық – оны елемейтін емес, назар аударатын жайт. Ренжіткендер табылуы және полицияға тапсырылуы тиіс, болашақта оларды бақылауы және түзеуі үшін. Бала күмәннан, ашудан және өзінің абыройымен байланысты ықтимал мәселелерден арылу үшін кеңес іздеуі тиіс. Ата-аналар ашумен күресудің тәсілдерін табуы және балаға және отбасына қарым-қатынасты орнатуға көмектесуі тиіс.

Сіздің балаңыз сізбен сексуалдық сипаттағы мәселелерді талқылай отрып, өзін жайлы сезінуі маңызды, сондай-ақ олар жеке шектеулерін білуі және өз құқығын сақтады білуі үшін өзінің абырайы сезіміне ие болуы тиіс. Егер зорлық-зомбылық орын алса көмекке жүгіну, зорлаушыны тапсыру қажет, себебі үнсіз қалу зорлаушыны тек қорғайды.

 

 

Телефондар:

Жедел басқару орталығы 102,

Сенім телефоны: 111,150